2019 жылдың 2 тоқсанына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне 2019 жылдың 2 тоқсанында 230 өтініш келіп түсті, солардың ішінде жеке тұлғалардан – 224,  заңды тұлғалардан – 6,  және ТМД елдері мен РФ 1248 сауалхат. Өтінішпен – 220 азамат жүгінді, шағыммен – 1, өзге өтініштер – 9. Қайта қарастырылған өтініштер саны – 3. Өтініштерді қарастыру мерзімдерін бұзу байқалмады.

2019 жылдың 1 тоқсанына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне 2019 жылдың 1 тоқсанында 213 өтініш келіп түсті, солардың ішінде жеке тұлғалардан – 205,  заңды тұлғалардан – 8,  және ТМД елдері мен РФ 1606 сауалхат. өтінішпен – 208 азамат жүгінді, шағыммен – 2, өзге өтініштер – 3. Қайта қарастырылған өтініштер саны – 3. Өтініштерді қарастыру мерзімдерін бұзу байқалмады.

2018 жылғы 12 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

 Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне 2018 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан 980 өтініш, сондай – ақ РФ және ТМД елдерінен 9550 сауалхат келіп түсті. Өтішпен 949, шағымдармен 16, өзге де өтініштермен 15 адам жүгінді. Қайта қаралған өтініштердің саны – 26. Өтініш берушілерге берілген жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде жолданды.

2018 жылғы 9 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтінішітерін шолу

Күн сайын «ЕУОЛ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жүргізіледі. 2018 жылғы 9 айда 661 өтініш қаралды. Соның ішінде жеке тұлғалардан – 653 және заңды тұлғалардан – 8 өтініш, Ресей және ТМД елдерінен келіп түсетін сауалхаттар – 4482. Өтініштер санының өсу себебі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістерінің өзгеруіне байланысты болды. Өтініштерді қарау мерзімдерінде бұзушылықтар жоқ.

2017 жылдың 12 айына жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2017 жыл ішінде Департаментпен 2571 арыз қарастырылды, оның ішінде өтініштер жеке 664 және заңды 46 тұлғалардан түсті, соның ішінде РФ мен ТМД елдерінің сауалнамасы -  1861. Өтініштер санының айтарлықтай көбеюі зейнетақыны тағайындау үшін еңбек өтілін растау сұрағына байланысты (жазбалардың сәйкес келмеуі, еңбек кітапшасында Каз.ССР мөрінің болмауы және болуы т.б.), сондай-ақ зейнетақы жүйсіндегі өзгерістермен байланысты. Өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

2017 жылғы 1 тоқсан бойынша өтініштер жөніндегі ақпарат

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Департамент «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес қарастырады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.