Ақмола облысы әкімінің  орынбасары М. Таткеев бекіткен Медиа жоспарды орындау аясында 2020 жылғы 12 маусымда сағат 11.00-де Ақмола облысының Өңірлік телекоммуникация қызметінде департамент басшысы Құлышев Қ.Қ., халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Құсайынова Б.Д. қатысуымен «Мүгедектердің қолжетімділігі үшін инфрақұрылым объектілерін тексеру туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке Арқа ажары, Акмолинская правда, Көкше ТВ, Aqmolanews, Степной маяк сияқты аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

12.06.2020 - 11:38
Өзгертілді: 12.06.2020 - 11:38

Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Әсемгүл Аубакирова «Кокша» телеарнасында мүгедектерге кедергісіз ортаны қалыптастыру туралы сұхбатында департаменттің 2016-2020 жылдарға жүргізген тексерістерінің саны туралы айтып, соған сәйкес 170 бұйрық шығарылды. 30 лауазымды тұлға мен кәсіпкерлік субъектілері 4 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тексерілген нысандардың 80% -ы - мемлекеттік органдар.

12.06.2020 - 06:33
Өзгертілді: 12.06.2020 - 06:33

Ағымдағы жылдың 10 маусымы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен оларды электронды форматқа ауыстыру мүмкіндігін анықтау үшін қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізу бойынша аппараттық зерттеу жүргізілді. карантин кезеңі азаматтарға қысқа мерзімде электрондық қызметтерді алудың сандық дағдыларын алуға мүмкіндік берді.

11.06.2020 - 07:32
Өзгертілді: 11.06.2020 - 07:32

Беттер