Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) мамандарын психоневрологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді оңалту бойынша онлайн-оқыту жүргізіледі. Жоба ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасында 28 МӘМ-де басталады.

10.09.2020 - 14:59
Өзгертілді: 10.09.2020 - 14:59

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет Басшысының жариялаған Жолдауын іске асыру жөніндегі брифингте қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін мақсатты пайдалану мүмкіндігі мәселелері бойынша түсініктеме берді.

10.09.2020 - 14:58
Өзгертілді: 10.09.2020 - 14:58

2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 511,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 141,1 млрд теңге бағытталды.

2020 жылғы тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 208,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 64,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 144,2 млрд теңге бөлінді.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 209 мың адамды құрайды.

10.09.2020 - 14:55
Өзгертілді: 10.09.2020 - 14:55

Беттер