Ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда Департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Л.Ж.Сұртаева «ВиаМин Казахстан» ЖШС, «Арша-2» ЖШС, «Көкшетау қаласы, Станционный ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Агро kz» ШЖС, Көкшетау қаласының әкімдігі жанындағы «Бота» мектепалды шағын орталығы МКҚК мен Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№7 орта мектебі» КММ-нің еңбек ұжымына барып, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі мен республикалық бюджеттен төленетін төлемдерді тағайындау және төлеу жөнінде таныстырды.

10.12.2019 - 11:48
Өзгертілді: 10.12.2019 - 11:48

Ағымдағы жылғы 29 қарашадағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қорының Ақмола облыстық филиалында Ашық есіктер күні өтті, оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.И.Салингреева қатысты. Іс – шараның тақырыбы – «Зейнетақыны жоспарлау». Қазір зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бір маңызды сұрақтардың бірі – болашақ зейнетақыны қалыптастыру.

04.12.2019 - 11:49
Өзгертілді: 04.12.2019 - 11:49