2018 жылғы 9 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтінішітерін шолу

Күн сайын «ЕУОЛ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жүргізіледі. 2018 жылғы 9 айда 661 өтініш қаралды. Соның ішінде жеке тұлғалардан – 653 және заңды тұлғалардан – 8 өтініш, Ресей және ТМД елдерінен келіп түсетін сауалхаттар – 4482. Өтініштер санының өсу себебі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістерінің өзгеруіне байланысты болды. Өтініштерді қарау мерзімдерінде бұзушылықтар жоқ.