2018 жылғы 12 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

 Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне 2018 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан 980 өтініш, сондай – ақ РФ және ТМД елдерінен 9550 сауалхат келіп түсті. Өтішпен 949, шағымдармен 16, өзге де өтініштермен 15 адам жүгінді. Қайта қаралған өтініштердің саны – 26. Өтініш берушілерге берілген жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде жолданды.

  Азаматтардың өтініштерінде айтылған өзекті сұрақтардың көбі зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік топты растау болып табылды.

 Барлық өтініштер уақтылы қаралды, ал азаматтар мен заңды тұлғалар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде толық жауаптар алды.