2017 жылғы 1 тоқсан бойынша өтініштер жөніндегі ақпарат

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Департамент «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес қарастырады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

«ЕУОЛ» ААЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде күн сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жүргізіледі.

2017 жылғы 1 тоқсанда Департаментке жеке және заңды тұлғалардан 445 жазбаша арыз түсті, соынң ішінде жеке тұлғалардан – 152, заңды тұлғалардан – 19, сондай – ақ Ресей және ТМД елдерінің сауалхаттары – 274.

Келіп түскен 171 өтініштің ішінде: өтініштер – 152, шағым – 0, басқалары – 19, қаралғандар – 154, өңірлік бойынша төмен және жоғары тұрған өзге органдарға жіберілгендер – 10, мерзімнің бұзылуымен қаралғандар – 0.

Жеке тұлғалардың өтініш беруіне себеп болып табылатын сұрақтар: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, еңбек қызметінің заң фактісін растау үшін сот тәртібі бойынша жазбаша рұқсат беру, мүгедектігі туралы анықтаманы жоғалтуына байланысты мүгедектік топты растау туралы, мүгедектік топты қайта қарау, шетелдік зейнетақы қорынан келіп түсетін сауалхаттар мен еңбек өтілі, жалақы мен зейнетақымен қамсыздандырудағы аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды ұсыну жөніндегі қоныстанушылардың өтініштері өтініштер санының өсуіне әкеп соғады (жазбалардың сәйкес келмеуі, еңбек кітапшасында Каз.ССР мөрінің болмауы және болуы т.б.). Өтініштерді қарау мерзімінің бұзушылығы болған жоқ.

Заңның негізгі принциптерін ұстай отыра және мемлекеттік орган мен лауазымды адамдардың өтінішті қарау кезіндегі қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында келіп түскен жазбаша өтініш бойынша міндетті түрде бірегей нөмірі бар талон беріледі. Бұл әрбір өтініш берген азаматқа http:\\service.pravstat.kz Интернет – ресурсы бойынша өтінішті қарау барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді.

Азаматтардан келіп түскен өтініштерге дәйекті және нақты жауаптар беріледі. Өтініш түскен кезде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің құзырына жатпайтын сұрақтар 3 жұмыс күнінен кешіктірмей функционалдық және аумақтық тиестілігі бойынша құзыретті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Басшы және оның орынбасарларымен жүргізілетін азаматтарды қабылдау белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау кестесі Департамент сайтында, сондай – ақ ғимараттың кіреберісіндегі ақпараттық қабырғада орналасқан.