Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

А.ж. 30 қазаны күні әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. «Достар» мәдениет сарайының залында 10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан келген қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзгеге ұқсамайтын жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Ақмола облысының әкімі өзінің құттықтау сөзінде халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін қоғамның тұрақтылығы мен игілігі анықтайтынын атап өтті. Облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінде 200 мың ақмолалыққа өлшеусіз көмек көрсететін бір жарым мыңнан аса қызметкер еңбек етеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хаты және Құрмет грамотасымен № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бас мамандары Н.М. Калиева, А.Ж. Сатубалдинова марапатталды. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Е.И. Буга «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаты бас маман - заңгер консультанты А.М. Имангалиевке берілді.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon CENN7065.JPG82.24 KB
Image icon PTPP9554.JPG77 KB
Image icon KTVM0955.JPG67.51 KB
Image icon IFZA3573.JPG62.43 KB