ҚР Еңбекмині әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша ең өзекті мәселелерді түсіндіру үшін арнайы аккаунттар ашты.

Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, ҚР Еңбекмині халықпен сындарлы диалог құру үшін арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.

Осы тақырып бойынша сұрақтары бар азаматтар өзекті ақпаратты Facebook-тегі (https://www.facebook.com/Всё-о-снижении-долговой-нагрузки-103633851027565/) және Instagram-дағы (https://www.instagram.com/p/B2O33d9Ag_U/?igshid=1a5ciudmyf0wk) «Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы» аккаунттарында ала алады

Қазақ