Мемлекеттік қызметшілердің іс-сапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар тәртібі туралы жадынама

  1. Іссапар басшылықтың өкімі бойынша мемлекттік қызметшіні қызметтік міндеттерін орындау (тексерулер, семинарлар, көшпелі кеңестер және т.б.), оқу, біліктілігін артыру немесе қайта даярлау үшін өзге жерге белгілі мерзімге жолдау болып табылады.
  2. ұурақты орналасудан тыс шығу Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудан босатпайды.
  3. Іс-сапарда жүрген лауазымды тұлғалар өзінің мінез-құлқымен және сыртқы түрімен азаматтар мен басқа мемлекттік қызметшілер үшін үлгі болуға тиіс.
  4. Барлық іс-сапар шығыстарын (жол журу, тұру, тамақтану) төлеуді іссапарға жіберілген адам оған бөлінген ақша қаражаты есебінен ғана жүзеге асыруға тиіс.

Сыйлықтар алуга, жол жүру билеттерін, қонақ үйдетуруын төлеуге, дастархан басындағы отырыстарға қатысуға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді ішуге жол берілмейді.

        5.Көңіл көтеру орындарына барудан бас тартқан жөн.

         6.Жол жүру барысында іссапарға жіберілетін мемлекеттік қызметшілер көлік құралдарымен жүріп өту және оларды пайдаланудын белгіленген ережелерін, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін адамдардың (жолсерік, жүргізуші, машинист, пилот, бақылаушы және т.б.) өкімдерін сақтауға, олармен және жолаушылармен сыпайылық танытуға міндетті. 

        7.Қонақ үйде тұрудың белгіленген ережелерін ұстану, уақыт тәртібін, тазалық пен тәртіпті сақтау қажет.

        8.Жергілікті көрікті жерлерге тек жұмыстан тыс уақытта бару керек. Оларға барумен байланысты шығындарды тек өз қаражатынан өтеу керек.