Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық этикасы

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Пушкин көшесі 23 мекенжайында медициналық - әлеуметтік сараптама қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу және ескерту жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесте Департаменттің басшысының МӘС жөніндегі орынбасары Н.Р.Шерьязданов, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Д.Құсайынова (халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы) сөз сөйлеп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша Департаментте жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылға арналған Әдеп жөніндегі жоспары шеңберінде өткізіліп жатқан іс-шаралары бойынша Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкіліның жұмысы туралы ақпарат жеткізілді, Республиканың Ұлттық бюро деректері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының фактілері оқылды. Мемлекеттік қызметшілердің мінез – құлық этикасы бойынша мемлекеттік қызметтерді алатын азаматтарға қатысты шағымдарына жол бермеу сұрақтары қозғалды.