Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
                                                2014 жылғы « 17 » қазандағы
№  145  бұйрығына
2-қосымша

 

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже 

1. Жалпы ережелер

1. Ақмола облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті (бұдан әрі – Департамент)  Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі – Комитет) халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес   қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.  

5. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Горький көшесі, 60 үй, 2 қабат.

6. Департаменттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.        

7. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

8. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен ғана жүзеге асырылады. 

Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 

Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

9.  Департаменттің міндеті:

әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

10. Департаменттің функциялары:

1) өз құзыреті шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамалардың сақталуын мемлекеттік бақылау.

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі – Орталық) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда  істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы), бала тууға, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға  жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу  төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді (бұдан әрі–регресшілерге берілетін ай сайынғы төлемдер), Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді тағайындау;

3) Орталықтан және МӘСҚ-тан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді   тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

4) Орталықтан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының,  мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға берілетін жәрдемақыны, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер, регресшілерге берілетін ай сайынғы төлемдердің, МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуіне бақылауды жүзеге асыру;

5) Орталықтан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;

6) Орталықтан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің,    МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны мен сомалары туралы деректер жинауды ұйымдастыру;     

7) Орталықтан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;

8) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау.

9) мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесінің себебін, мерзімін, басталу уақытын  белгілеу. 

10) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;

11) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;

12) мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру, мүгедектіктің себептеріне, құрылымына және жағдайына мониторинг жүргізу;

13) халықтың мүгедектік деңгейі мен себептерін зерделеу;

14) медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде консультативтік көмек көрсету, олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізуге қатысу;

15) мүгедектік белгілері бар барлық әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақыртылатындар туралы ақпаратты жергілікті әскери  басқарма органдарына ұсыну;

16) жұмыс практикасына заманауи, ғылыми қағидаттар мен әдістерді енгізу, сондай-ақ озық тәжірибені қорыту, тарату және медициналық-әлеуметтік сараптама әрі мүгедектерді оңалту жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;

17) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және түзеу, олардың орындалу тиімділігін бақылау;

18) зардап шеккен немесе өзге де еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде денсаулығына зақым келген қызметкердің (бұдан әрі - қызметкер) қосымша көмек және күтім түрлері мұқтаждығын айқындау; 

19) Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау, өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау;

20) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;

21) өз құзыреті шегінде құқықтық, консультациялық және практикалық көмекті жүзеге асыру;

22) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең    мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске         асыруға қатысу; 

23) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитеттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысу;

24) Департаментке заңнамада және Министрлік пен Комитет басшылығы жүктеген өзге де міндеттер.

11. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

1) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша белгіленген тәртіппен тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру;

2) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыру, олардан қызметі үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу;  

3) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, уәкілетті жергілікті атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және Департаментке жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

4) Комитетке ұсыну үшін, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұрату;

5) Департамент құзырына кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

6) Министрлік пен Комитет құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ республиканың барлық соттарында олардың атынан өкілеттік ету және тиісті хат алмасуға, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;  

7) Департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдау;  

8) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтау;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттер.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

12. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.

Департамент басшысының Министрліктің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын орынбасарлары болады.  

Департамент басшысының міндеттері мен өкілеттіктерін Комитет төрағасы айқындайды.

13. Департамент басшысы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.  

14. Осы мақсатта Департамент басшысы:

1) өзінің орынбасарларының Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес Департамент қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және босатады;   

3) Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 

4) заңнамалық актілерге сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, белгіленген заңнама тәртібінде Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, сыйлықақы беру, көтермелеу және үстемақы төлеу, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін қарастырады;

5) Департамент басшысының орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, сыйлықақы беру, көтермелеу және үстемақы төлеу, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін Комитет төрағасының қарауына енгізеді;

6) белгіленген құзыреті шегінде құқықтық актілерге қол қояды;   

7) барлық мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Департаменттің атынан өкілдік етеді;

8) заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент атынан жеке және заңды тұлғаларға наразылықтар мен талап  білдіру туралы шешім қабылдайды.  

9) Департаменттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.  

4. Департаменттің мүлкі

15. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. 

Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

16. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

17. Департаменттің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

18. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.