«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің отырысына қатысу

Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.И.Салингреева «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты. Кеңес зардап шеккен буындардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатына құрылған.

Отырыста келесі әлеуметтік объектілердің жұмыс туралы сұрақ қаралды:

  • Ақмола облысының білім беру басқармасының «Кәмелеттік жасқа толмағандарды оңалту орталығы» КММ;
  • Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Көкшетау қаласының арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ;

- Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Щучинск балалар үйі» ММ.

 

Қазақ