«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – Целиноград ауданының №1 және №2 халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне өткізген семинар – оқыту

Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте Департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Л.Ж.Сұртаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – Целиноград ауданының №1 және №2 халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне өткізген семинар – оқытуға қатысты.

Оқыту барысында қарыздық жүктемені төлеу тізіміне түспеген азаматтарға көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмысы өткізілді.

Оқыту барысында мамандарға электронды іс макеттерін қалыптастыру бойынша түсінік берілді (зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға ұсынылатын өтініштерді толтыру дұрыстылығы, толықтығы, ақпараттық жүйеге кіргізілетін құжаттар мен сауалдарды қабылдау сапасы мен толықтығы, тізімге сәйкес құжаттарды қабылдау, қабылданған құжаттардың өтініште көрсетілген тізіммен сәйкестігі).

Баяндама соңында Л.Ж.Сұртаева халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon BWUN5749.JPG80.38 KB
Image icon ILAJ0439.JPG76.68 KB