«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – Астрахан ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлеріне өткізілген семинар – оқыту

Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Р.Р.Молдахметова Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – Астрахан ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлеріне семинар – оқыту өткізді. Баяндау барысында келесідей сұрақтар талқыланды:

  • Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін құжаттарды қабылдау сапасы;
  • Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарының кесірінен түзетуге жолданған электрондық іс макеттері бойынша жіберілген қателіктерді талдау;
  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту бойына ұсыныстар;

Сонымен қатар,  қарыздық жүктемені өтеу тізіміне түспеген азаматтарға қызмет көрсету бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon RNFU3858.JPG59 KB
Image icon PUKM1151.JPG95.31 KB