
Бурабай
Іргесі 1910 жылы қымызбен емдеу шипажайының ашылуына байланысты қаланған. 1939 жылдан кент. Оның төңірегінде көптеген денсаулық сақтау мекемелері ұйымдастырылған. Мұнда Қазақстандағы ең ірі Бурабай шипажайы орналасқан.

Вячеслав су қоймасы
Аумағы - 61 км², көлемі - 0,411 км³, ені - 5,4 км, ұзындығы - 11 км, орташа тереңдігі - 6,8 м, суының орташа деңгейі 4 м.

Абылай хан алаңы
Көкшетау тауының етегінде орналасқан табиғаттың бірегей ескерткіші. Оның басты ерекшелігі — қайталанбас микроклиматы. «Абылай хан алаңы» аталатын табиғи көрінісі тамаша жерде ашылған мұражайдың аумағы 288 шаршы метрді құрайды.